
«Сауатты жарнама – сапалы қызмет» әлеуметтік жобасы аясында құрылған жұмыс тобының мүшесі Бектас Жұман жақында Қарағанды жоғары медициналық интерколледжінің басшылығымен кездесіп, колледж аумағындағы көрнекі ақпараттардың тіл туралы заңнама талаптарына қайшы тек орыс тілінде рәсімделгенін ескерткен болатын.
Жасалған ескертуге мекеме басшылығы бірден назар аударып, қысқа мерзім ішінде білім беру ұйымы аумағындағы барлық көрнекі ақпаратты заң талаптарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімдеп қойған екен.
Бұл – сын-ескертпені дұрыс қабылдап, заң талаптарын орындауға жауапкершілікпен қараудың және сапалы тілдік ортаны қалыптастыруға үлес қосудың жарқын үлгісі.
Осындай оң тәжірибе өзге де мекемелер мен кәсіпкерлік субъектілеріне үлгі болып, анықталған кемшіліктердің дер кезінде түзетілуіне және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге ықпал етеді деген сенімдеміз.