
Product Manager, CTO, Team Lead және IT саласындағы 12+ жыл тәжірибесі бар инженерлік және өнімдік сарапшы.
Қазіргі таңда ол Shaqyru24 жобасының CEO/CTO-ы — жасанды интеллект негізінде онлайн шақырулар жасауға арналған платформа. Жоба ай сайын 300 000-нан астам қолданушыға қызмет көрсетеді.
Мейірлен Жұманов IT саласында:
— өнімдерді нөлден бастап құрастыру және масштабтау
— инженерлік командаларды басқару (15+ адамға дейін)
— банкинг, такси агрегаторлары және стартап платформаларын іске қосу
— мобильді әзірлеу және жүйелік архитектура құру
— Upwork платформасында халықаралық жобалармен жұмыс
Оның негізгі бағыттары:
— Product & Project Management
— System Architecture және Clean Architecture
— Android Development (Kotlin / Java)
— AI/ML (Computer Vision, NLP, TensorFlow)
— Mobile security және reverse engineering
Hack09 барысында Мейірлен Жұманов:
— өнімді идеядан іске қосуға дейін жеткізу тәжірибесімен бөліседі
— стартаптарды жылдам дамыту және масштабтау жолдарын көрсетеді
— AI құралдарын қолдану арқылы development процесін жеделдету тәсілдерін түсіндіреді
— CTO деңгейіне өсу тәжірибесін ашады
IT саласына қызығатындар, стартап командалар және болашақ Product/Tech лидерлер үшін өте пайдалы кездесу!
Практикаға негізделген нақты тәжірибе және real кейстер!