
Кәсіптік бағдар беруші, кәсіпкер, стартап-трекер және жастарды дамыту саласының сарапшысы.
10 жылдан астам уақыт бойы білім беру, әлеуметтік және кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асырып, жастардың өз кәсіби бағытын табуына, дағдыларын дамытуына және табысты мансап құруына қолдау көрсетіп келеді.
Қазіргі таңда «Samgau Kazakhstan» қорының жетекшісі, Қарағанды облысы әкімінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі, сондай-ақ Bookids.kz білім беру жобасы мен Tyra.kz чат-ботының тең құрылтайшысы.
🚀 Astana Hub және «Терриконовая долина» трекері ретінде көптеген стартаптардың дамуына үлес қосып келеді.
Hack09 барысында Ардақ Дүйсембекұлы кәсіптік бағдар беру, стартаптарды дамыту, жастардың мүмкіндіктері мен заманауи еңбек нарығындағы трендтер туралы өз тәжірибесімен бөліседі.
📍 Жаңа білім, пайдалы инсайттар және шабыт алуға дайын болыңыздар!