
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын жариялады.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, тіл мәселесін тұрақты түрде қозғап жүрген БАҚ өкілдері! Сіздерді Қарағанды облысынан республикалық байқауға қатысуға шақырамыз!
Байқауға:
кәсіби журналистер;
телевизия және радио ұжымдары;
газет, сайт редакциялары;
мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері жөнінде материал жариялаған журналист-мамандар қатыса алады.
Байқау екі номинация бойынша өтеді:
«Үздік мақала»
«Үздік теле/радиобағдарлама»
Қатысушылар 2026 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілде аралығында отандық БАҚ-та қазақ және орыс тілдерінде жарияланған:
2 мақала;
1 теле/радиобағдарлама ұсынады.
Қатысу үшін төмендегі құжаттар жолдануы тиіс:
арнайы үлгіде толтырылған өтінім;
мақаланың «Word»форматындағы электронды нұсқасы;
жарияланған материалдардың скриншоттары;
теле/радиобағдарламалардың жазбалары.
Құжаттар 2026 жылғы 1 шілде сағат 24:00-ге дейін қабылданады.
Материалдар мен өтінімдер:
til.jane.baq@gmail.com электрондық поштасына «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына» деген белгімен жіберілуі қажет.
Байланыс телефоны: 8-777-114-66-83.
Байқау материалдарын бағалау өлшемшарттары:
тақырыпқа сәйкестігі;
ақпараттың өзектілігі мен нақтылығы;
мәселені талдау деңгейі;
материалды жеткізу шеберлігі.
Байқауда қатысушылардың қазақ тіліндегі контентті қарқынды дамытудың заманауи жолдары мен инновациялық шешімдерін көрсете білуі ерекше ескеріледі. Сонымен қатар әлеуметтік ортада және мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің нық орнығып, еркін қолданылуына кедергі келтіретін мәселелерді айқындап, нақты әрі тиімді шешімдер ұсыну шеберлігіне басымдық беріледі.
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Құрметті журналистер, редакция ұжымы! Мемлекеттік тілдің мерейін көтеріп, қазақша контент үлесін бірге арттырайық!