«Тіл шебері – 2026» облыстық байқауы өз мәресіне жетті

«Тіл шебері – 2026» облыстық байқауы өз мәресіне жетті

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы ұйымдастырған байқауда үш тілді еркін меңгерген дарынды жастар өзара бақ сынады.

Қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі білімдерін көрсетіп, тіл мәдениеті мен шешендік қабілеттерін дәлелдеді. Байқау жастардың бірнеше тілді білуге деген қызығушылығын арттырып, талантты жастарды қолдауға бағытталды.

Жүлделі орынға ие болған жастар ақшалай сыйақымен марапатталды

Бас жүлде (150 000 тг) — Шаметов Биғали, Абай ауданының Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі

I орын (100 000 тг) — Асенбаев Самат, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті

II орын (80 000 тг) — Серікбай Арсен,«Тіл шебері» Саран қалалық байқауының жеңімпазы, 44803 әскери бөлімінің взвод командирі

III орын (60 000 тг) — Манапова Перизат, Балқаш қаласы «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің лаборанты

Ынталандыру сыйлығы (30 000 тг):

— Кәріғұл Аружан, «Тіл шебері» Шет аудандық байқауының жеңімпазы, Евней Бөкетов ат ҚарҰЗУ-нің студенті

— Тұрсынбек Альбина, Шахтинск қаласының «Бастау» оқу-әдістемелік