
Басқарма мамандары Осакаров ауданындағы мемлекеттік мекемелерге барып, іс жүргізу құжаттарында және әлеуметтік парақшаларында қазақ тіліне қатысты заңнама талаптарының орындалуын тексерді.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бойынша бас мамандары Ұлжан Бөрібаева мен Назгүл Абиханова 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына бекітілген тексеріс жоспарына сәйкес:
«Осакаров ауданының спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде;
«Осакаров ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының орындалуына қатысты мерзімді тексеру өткізді.
Тексеру барысында мекемедегі іс жүргізу құжаттарының ресімделуі, электрондық құжат айналымының жүргізілуі, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің ресми интернет-ресурстары мен әлеуметтік парақшаларында орналастырылған көрнекі ақпараттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі қарастырылды.
Жүргізілген тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою және олардың алдағы уақытта қайталануына жол бермеу мақсатында мекеме қызметкерлеріне тиісті ұсынымдар берілді. Мемлекеттік мекемелерде тіл туралы заңнаманың орындалуын қадағалау мақсатындағы мерзімді тексеру жұмыстары басқарма мамандары тарапынан жыл бойы жүргізіледі.
#қарағандытілдердідамытубасқармасы