
“Әдістемелік десант” жобасы аясында Ресурстық тіл орталығы мамандары тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді. Бүгін Шахтинск қаласындағы “Бастау” тіл орталығының директоры — Алтынай Ахметова және орталық оқытушысы Әлия Еппаева арнайы келіп, тәжірибе алмасып қайтты.
Кездесу барысында ересектерге қазақ тілімен қоса шет тілін оқытатын орталықтағы ағылшын тілі оқытушыларының кәсіби-әдістемелік әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды. Оқыту үдерісін жетілдіру, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану төңірегінде бағыт- бағдар берілді.
Сонымен қатар алдағы айда өтетін “Үздік оқытушы” байқауына қатысқалы отырған жас маманға байқау талаптары жан-жақты түсіндіріліп, ережеге сәйкес дайындық жүргізу жолдары көрсетілді. Сабақ жоспарын құрудың үлгісі ұсынылып, әдістемелік кеңестер берілді.