
Бүгін Қарағанды қаласында экологиялық маңызы зор игі бастама – экосаябақтың негізі қаланды. Майқұдық пен Оңтүстік-Шығыс шағынаудандарының арасындағы 200 гектар аумақта жаңа экосаябақ бой түзейді. Болашақ саябақ ортасына тас қойылып, берекелі іс бастау алды.
Экосаябақ құрылысының басталу рәсіміне Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұжымы да белсене қатысып, жасыл желекті көбейтуге өз үлесін қосты. «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жоба – қоршаған ортаны қорғау мен қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.
Ағаш отырғызу – табиғатқа жанашырлықтың, келер ұрпаққа деген қамқорлықтың жарқын белгісі. Жасыл желек -таза ауа мен көрікті ортаның кепілі.Тал егіп, көшет отырғызу, аймақты көгалдандыру – ел игілігіне бағытталған берекелі де маңызды іс.Қашандағыдай,табиғатты аялау әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!