Құрметті кәсіпкер!

Құрметті кәсіпкер!

Қазақстанда барлық көрнекі ақпарат (жарнама, хабарландыру, баға, нұсқағыш т.б.) міндетті түрде мемлекеттік тілде берілуі тиіс.

Қажет болса, оған қосымша орыс тілінде немесе басқа тілдерде де жазуға болады.

Негізгі талап:

  • Қазақ тіліндегі мәтін сол жақта немесе жоғарыда, орыс тіліндегі мәтін оң жақта немесе төменде орналастырылады.
  • Қаріп өлшемі бірдей болуы тиіс.
  • Аударма негізгі мағынасын сақтауы тиіс.

Маңызды ақпарат:

Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде орналастырылады, қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілде беріледі.

Тауар белгілері өзгертілмеген түрде қолданылады.

Хабарлама:

Сыртқы жарнаманы немесе маңдайшаны орналастыру туралы жергілікті атқарушы органды 5 жұмыс күні бұрын karkultura@mail.ru электрондық поштасы арқылы хабардар ету қажет.

Тіл және жарнама туралы заңнама

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы (21-бап)

«Жарнама туралы» ҚР Заңы (6-бап)

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы (24-бап)

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі (75-бап, 455-бап)

Есте сақтаңыз!

Мемлекеттік тілдегі сауатты жарнама табысыңызды көбейтеді.

Тіл және жарнама туралы заңнама талаптарының сақталуы беделіңізді арттырады.