«Тіл үйретудегі лингводидактикалық тәсілдердің трансформациясы»

«Тіл үйретудегі лингводидактикалық тәсілдердің трансформациясы»

Бүгін Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан ұйымдастырылған «Тіл үйретудегі лингводидактикалық тәсілдердің трансформациясы» тақырыбындағы үшкүндік онлайн семинары басталды.

Семинар барысында «Анашым, менімен қазақша сөйлесші» жобасының авторы, блогер, тәжірибелі әдіскер Ердігүл Дәдібасқызы қазақ тілін оқытудың әдістемесі төңірегінде ең қажетті әрі өзекті мәселелерді ортаға салды.

Аталған семинарға Қарағанды өңіріндегі орталықтардың оқытушы-әдіскерлері белсене қатысып, ой бөлісіп, пікір білдіріп отырды. Жас мамандарға, енді ғана тәжірибесі қалыптасып келе жатқан оқытушыларға осындай семинарлар қажет әрі берері мол деген ойдамыз. Ұйымдастырушылар алқасына зор алғысымызды білдіреміз!