23 сәуір – Ұлттық кітап күні және кітапханашылар күні!

23 сәуір – Ұлттық кітап күні және кітапханашылар күні!

Бұл күн – адамзаттың ең асыл қазыналарының бірі – кітапқа деген құрметті арттырып, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпірді нығайтатын маңызды мереке. Бұл күн-әлем бойынша ЮНЕСКО-ның бастамасымен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні ретінде де аталып өтеді.

Кітап – тек білім мен ақпараттың көзі ғана емес, ұлттың тарихы, мәдениеті мен рухани дүниесінің айнасы. Ата-бабамыздан қалған асыл сөз, шежіре, өнеге мен өсиет – бәрі де кітаптар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Сондықтан да «Кітап – білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.