«Тіл шебері» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

«Тіл шебері» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

БЕКІТЕМІН

Қарағанды облысының

тілдерді дамыту жөніндегі

басқармасы жанындағы

«Ресурстық тіл орталығы» КММ

директоры

_____________ М. Смағұлова

 «____»______________2026 ж.

 

«Тіл шебері» облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы 2026 жылғы 22 мамырда үш тілді (қазақ, ағылшын, орыс тілдерін) жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» облыстық байқауын өткізеді.

            Байқаудың мақсаты: қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және оларды қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау.

            Байқау шарттары:

Байқау қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Байқауға  үш тілді жетік меңгерген 18 жастан 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындары қатыса алады.

Байқау 3 кезеңнен тұрады:

  • «Сөзтаным» – қатысушы экранда көрсетілген ұяшықтың біреуін таңдап, берілген тақырып аясында қазақ тілінде жауап беру қажет (2 мин.):

            Мысалы: Ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл

  • «Елтаным» – қатысушы экранда көрсетілген ұяшықтың біреуін таңдап, қазақтың киелі жерлері мен тарихи орындары туралы орыс тілінде баяндауы қажет (2 мин.):

Мысалы: Мавзолей Ходжи Ахмета Яссауи – один из величайших памятников исламской архитектуры Средней Азии

  • «Ойтаным» – қатысушы экранда көрсетілген ұяшықтың біреуін таңдап, ұлы тұлғалар, ұлттық аспаптар, ұлттық ойындар туралы ағылшын тілінде баяндауы қажет (2 мин.):

Мысалы: The dombra is a traditional Kazakh musical instrument

Байқау жеңімпаздарын анықтау кезінде қазылар алқасы мынаны басшылыққа алады:

1) үш тілді - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейі;

2) берілетін жауаптың мазмұндылығы мен дәйектілігі;

3) тіл мәдениетінің деңгейі.

       Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес диплом, алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға қатысу туралы өтінім мен жеке куәліктің көшірмесін ү.ж. 8 мамырға дейін til.sheberi@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.

Байланыс телефоны: 8 /7212/ 78-04-09, 8-778-283-16-01 (WhatsApp)

ТАӘ Туған жылы, айы, күні Жұмыс немесе оқу орны, лауазымы Байланыс телефондары