Шахтинск қаласындағы «Бастау» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы, тіл жанашыры Рүстемов Сәндібек Жәнібекұлы мерейлі 70 жасқа толып отыр.

Шахтинск қаласындағы «Бастау» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы, тіл жанашыры Рүстемов Сәндібек Жәнібекұлы мерейлі 70 жасқа толып отыр.

Еңбек жолында бірнеше жыл аталған орталықтың басшысы болып, бүгінде оқытушы ретінде қызметін жалғастырып келе жатқан ұстаздың мемлекеттік тіл мәртебесін көтеріп, тілді оқыту ісіне қосқан үлесі зор. Өз ісіне адал, тәжірибелі маман ретінде әріптестері мен тыңдаушыларының құрметіне бөленіп келеді.

Осы айтулы мерейтойға орай Ресурстық тіл орталығы директорының міндетін атқарушы Д.Қатпышова мен бөлім меңгерушісі Ж.Жақан Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысы атынан еңбек ардагерін арнайы барып құттықтап қайтты.

 

 
 

Кездесу барысында мерейтой иесіне ізгі тілектер айтылып, оның мемлекеттік тілдің дамуына сіңірген еңбегі ерекше атап өтілді.