Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мамандары өңірде мемлекеттік тілді оқытуды біріздендіру және тіл оқыту орталықтарының мамандарына әдістемелік көмек көрсету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мамандары өңірде мемлекеттік тілді оқытуды біріздендіру және тіл оқыту орталықтарының мамандарына әдістемелік көмек көрсету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Басқарма жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақан таяуда «Балқаш қаласының тілдер орталығы» КММ мамандары мен Балқаш қаласындағы «Маржан сөз» клубының оқытушыларына әдістемелік көмек көрсетті.

Туристік қалада қазақ және шет тілдерін оқыту бағытындағы жұмыстар жанданған. Бүгінгі мақсат — өңірде ересектерге мемлекеттік тілді оқытуды біріздендіру.

Биыл Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ересектерге қазақ тілін үйрету үдерісін жүйелеу мақсатында оқытудың стандарттық бағдарламасын (syllabus) әзірлеп, қолданысқа енгізді. Аталған бағдарлама оқыту үдерісін біріздендіруге және тіл үйренушілердің грамматиканы меңгеруімен қатар еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Балқаш қаласының тілдер орталығы мамандарына әдістемелік көмек көрсету барысында Жұпар Жақан оқыту үдерісіне қажетті құжаттардың талапқа сай толтырылуына және бекітілген біріздендірілген бағдарлама талаптарының сақталуына ерекше назар аударды. Атап айтқанда:

оқытушылар құрамы және олардың кәсіби әлеуеті (еңбек өтілі, Қазтест С1 сертификаты, курстар мен семинарлар сертификаттары, ересектерге сабақ беру тәжірибесі);

бекітілген біріздендірілген бағдарлама талаптарының сақталуы;

оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілуі;

тыңдаушылардың бекітілген тізімі;

тыңдаушылардың сабаққа қатысу журналы;

курстар бойынша сабақ үлгілерін әлеуметтік желілерге орналастыру жұмыстары.

Мұндай әдістемелік қолдау тіл мамандарының кәсіби біліктілігін арттырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге оң ықпал етеді.

#қарағандытілдердідамытубасқармасы