
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Абдрахманов Д.Қ. басқарма қызметшілерімен кездесіп, мемлекеттік қызметшілер ұстануы тиіс негізгі қағидаттарға тоқталды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасы мен енгізілетін негізгі жаңашылдықтарды түсіндірді. Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау шаралары да назардан тыс қалмады.
Кездесу барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, бюрократияға жол бермеу, әлеуметтік желідегі әдептілік қағидаларын ұстану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құмар ойындардан аулақ болу — мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптар екені атап өтілді.
Жиын қорытындысында Абдрахманов Д.Қ. мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен адалдығының маңыздылығын ерекше атап өтіп, мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптары мен Әдеп кодексі нормаларын тұрақты әрі бұлжытпай сақтау қажеттігіне тоқталды.