
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен тегін тіл оқыту курстарының екінші кезеңіне өтінім қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
Оқыту курстары аптасына 3 рет, 3 ай көлемінде ұйымдастырылып, жалпы көлемі 72 академиялық сағатты құрайды.
Бұл ретте, курс тыңдаушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатында 28 сағаттық сөйлеу клубтарының жұмысы да қарастырылған.
Осылайша, оқыту бағдарламасының жалпы көлемі 100 академиялық сағатты қамтиды.
Курс барысында тыңдаушылар қазақ тілін меңгерудің толық бағдарламасы бойынша (A1, A2, B1, B2, C1 деңгейлері) білім алады.
Оқу курсын толық аяқтағаннан кейін қатысушылар қорытынды емтихан тапсырып, нәтижесіне сәйкес белгіленген үлгідегі сертификатқа ие болады.
Курсқа өтінім беру үшін
8 -702 448 98 68 (WhatsApp) нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Сондай-ақ курсқа жазылу үшін QR-кодты пайдалана аласыз.
Тегін қазақ тілі курстарына тіркелу сілтеме арқылы да жүзеге асады.
https://docs.google.com/.../1FAIpQLSc7i60TPe0.../viewform...
Айта кетейік,бір топта кемінде 15 адам жиналған жағдайда ұйымдар тарапынан ресми хат жолдау арқылы топтық тіркелу мүмкіндігі де қарастырылған.
Қарағанды қаласы бойынша тіл оқыту курстары:
«Абзал» сауда үйі;
Достық үйі ғимараты;
Гоголь көшесі, 34-үй;
Майқұдықта «Каскад» СҮ орналасқан оқу кабинеттерінде өткізіледі.
Аталған курстар тұрғындардың тілдік құзыретін арттыруға, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және көптілді білім беру ортасын дамытуға бағытталған.
#қарағандытілдердідамытубасқармасы #тілоқытукурсы