
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ересектерге ағылшын тілін тегін оқыту курстары өз жұмысын бастады.
Курстың мақсаты – тыңдаушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлесу дағдыларын қалыптастырып, күнделікті өмірде және кәсіби ортада қолдану мүмкіндігін арттыру.
Сабақтар заманауи әдістер арқылы жүргізіліп, тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған.
Курста:
Қарапайымнан бастап жүйелі оқыту
Сөйлесу практикасы
Заманауи оқу материалдары қолданылады.
Қазіргі таңда курсқа қала тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілер қамтылды.