
Іс-шара Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – шағын және орта бизнес нысандарындағы көрнекі ақпарат пен жарнамалардың заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, мәтіндерді біріздендіру және анықталған кемшіліктерді жою.
Кезекті рейд аясында Freedom Bank Kazakhstan, Банк ЦентрКредит бөлімшелері, Кинотеатр «Сарыарқа», сондай-ақ Оңтүстік ықшам ауданындағы әмбебап дүкендер мен сауда үйлері қамтылды. Мамандар тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Жарнама мәтіндерін талапқа сай ресімдеу бойынша нақты ұсынымдар берілді.
Еске саламыз, айлық өңірдегі көрнекі ақпараттың сауатты әрі заңнама талаптарына сәйкес ресімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.
#қарағандытілдердідамытубасқармасы #ҚарағандыТілдерОрталығы #ТілТуралыЗаң #СауаттыЖарнама #КөрнекіАқпарат