«Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» айлығы

«Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» айлығы

Балқаш қаласының тілдер орталығы қызметкерлері облыстық «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» айлығы аясында Қараменде би көшесінде орналасқан дүкендер, дәмханалар мен сұлулық салондарының көрнекі ақпараттары мен прейскуранттарының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкестігіне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік тіл нормаларын сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.