
«Жедел желі» қызметінің жұмыс нәтижесі
Қарағанды өңірінде көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін біріздендіру жұмыстары жүргізілуде.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына қарасты Ресурстық тіл орталығының мамандары «Жедел желі» қызметі арқылы кәсіпкерлердің көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін тегін аударып,әдістемелік көмек көрсетеді.
Кәсіпкерлер WhatsApp нөміріне: 8 775 163 00 00 хабарлама жолдау арқылы жарнамалар, хабарландырулар, баға көрсеткіштері, мәзірлер, нұсқағыштар және өзге де көрнекі ақпарат мәтіндерін қазақ тіліне аудару, сауатты рәсімдеу бойынша кеңес ала алады.