ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТІЛ ОҚЫТУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ТІЛ ОҚЫТУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2026 жылға жоспарланған тілді тегін оқыту курстарының І кезеңі басталды.

Биыл 3 260 адамды мемлекеттік тілге, 1 360 адамды ағылшын тіліне, 50 адамды орыс тіліне және 50 адамды түрік тіліне оқыту көзделген.

Бүгінгі күні 1 153 адам қазақ тілі, 278 адам ағылшын тілі, 20 адам орыс тілі, 20 адам түрік тілі курстарымен қамтылды.

Мемлекеттік тілді тегін оқыту курстары аптасына 3 мәрте өткізіледі.

Курс ұзақтығы — 3 ай.

Оқыту курстары аптасына 3 рет, 3 ай көлемінде ұйымдастырылып, жалпы көлемі 72 академиялық сағатты құрайды.

Бұл ретте, курс тыңдаушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатында 28 сағаттық сөйлеу клубтарының жұмысы да қарастырылған.

Осылайша, оқыту бағдарламасының жалпы көлемі 100 академиялық сағатты қамтиды.

Курс барысында тыңдаушылар қазақ тілін меңгерудің толық бағдарламасы бойынша (A1, A2, B1, B2, C1 деңгейлері) білім алады.

Оқу курсын толық аяқтағаннан кейін қатысушылар қорытынды емтихан тапсырып, нәтижесіне сәйкес белгіленген үлгідегі сертификатқа ие болады.

Тіл үйренуге ниет білдірген азаматтар жарияланған QR-код арқылы өз бетінше тегін курсқа тіркеле алады.

Сонымен қатар, бір топта кемінде 15 адам жиналған жағдайда ұйымдар тарапынан ресми хат жолдау арқылы топтық тіркелу мүмкіндігі де қарастырылған.

Сондай-ақ бір мекемеден 15 адамнан астам қатысушы жиналса, оқыту курстарын тікелей сол мекеменің базасында өткізу мүмкіндігі де бар.

Қарағанды қаласы бойынша тіл оқыту курстары:

«Абзал» сауда үйі;

Достық үйі ғимараты;

Гоголь көшесі, 34-үй мекенжайында орналасқан оқу кабинеттерінде өткізіледі.

Аталған курстар тұрғындардың тілдік құзыретін арттыруға, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және көптілді білім беру ортасын дамытуға бағытталған.

#қарағандытілдердідамытубасқармасы #тілоқытукурсы