«Кітап оқитын ұлт» жобасы

«Кітап оқитын ұлт» жобасы

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы кезекті кездесу Қарағанды медицина университетінде жалғасын тапты. Кездесу барысында студенттер сайысқа дейін жоба бойынша ұсынылған кітаптарды оқып үлгеретіндерін айтып, өз ойларын ортаға салды.

Алдағы сайыс дебат форматында өтетіндіктен, қатысушылар тарапынан талдау, дәлелдеу және пікірталас мәдениетіне қатысты көптеген сұрақтар қойылып, белсенді пікір алмасу болды. Студенттер "Өзбекәлі және мәдени майдан" кітабына қатты қызығушылық танытты.