
Мемлекеттік тілді оқытуды біріздендіру бағытындағы жұмыстың мақсатын түсіндірді.
Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы тіл меңгеруге ниетті азаматтарға мемлекеттік және шет тілдерін оқытумен айналысады. Бүгінгі таңда аталмыш орталықта 67 адам мемлекеттік тілді, 47 адам ағылшын тілін меңгеруде.
Басқарманың тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бойынша бас маманы Ұлжан Бөрібаева мен «Ресурстық тіл орталығы» КММ бөлім меңгерушісі Жұпар Жақан әдістемелік көмек көрсету барысында оқыту үдерісіне қажетті құжаттардың талапқа сай рәсімделуіне және бекітілген біріздендірілген бағдарлама талаптарының сақталуына ерекше назар аударды. Атап айтқанда:
оқытушылар құрамы және оқытушының кәсіби әлеуеті (еңбек өтілі, Қазтест С1 сертификаты, курстар мен семинарлар сертификаттары, ересектерге сабақ беру тәжірибесі);
бекітілген біріздендірілген бағдарлама талаптарының сақталуы;
оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілуі;
тыңдаушылардың бекітілген тізімі;
тыңдаушылардың сабаққа қатысу журналы;
курстар бойынша сабақ үлгілерінің әлеуметтік желілерге орналастырылуы.
Осы талап-тәртіпті оқыту орталығының мамандарына түсіндірген басқарма өкілдері «Бастау» оқу-әдістемелік орталығында өткен қазақ тілі сабақтарына қатысып, оқытушыларға әдістемелік көмек көрсетті.
#қарағандытілдердідамытубасқармасы #бастауоқуәдістемелікорталығы