
Қарағанды қаласының төл мерекесі құтты болсын!
Сүйікті өлкеміз – Кеншілер шаһарына қала мәртебесі берілгеніне биыл 92 жыл толды.Тарихы терең, тағдыры кенмен өрілген Қарағанды – еліміздің индустриялық тірегі, Сарыарқаның айбынды жүрегі.
Жылдан жылға ажары артып, сәулеті келіскен шаһарымыз мәдениеті мен экономикасы қатар дамыған ірі орталыққа айналып келеді. Қарағанды – бірлігі бекем, болашағы жарқын қала.
Осы айтулы мерекеде барша қала тұрғындарына зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Қарағандымыз көркейіп,мәртебесі биіктей берсін!
Сіздерге деген құрметпен,
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева.