Мемлекеттік тілді оқытуды біріздендіру және тіл оқыту орталықтарының мамандарына әдістемелік көмек көрсету

Мемлекеттік тілді оқытуды біріздендіру және тіл оқыту орталықтарының мамандарына әдістемелік көмек көрсету

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мамандары өңірде мемлекеттік тілді оқытуды біріздендіру және тіл оқыту орталықтарының мамандарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығында болды.

Әдістемелік көмек көрсету барысында басқарманың тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бойынша бас маманы Ұлжан Бөрібаева мен «Ресурстық тіл орталығы» КММ бөлім меңгерушісі Жұпар Жақан оқыту үдерісіне қажетті құжаттардың талапқа сай рәсімделуіне, бекітілген біріздендірілген бағдарлама талаптарының сақталуына, сондай-ақ оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне және сабақтардың ұйымдастырылу деңгейіне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, басқарма мамандары Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығында өткен қазақ тілі сабақтарына қатысып, оқытушыларға әдістемелік көмек көрсетті.

#қарағандытілдердідамытубасқармасы #тілоқытуорталығы