Латын графикасына негізделген әліпби бойынша сынама сабақтар жүргізілді

Латын графикасына негізделген әліпби бойынша сынама сабақтар жүргізілді

Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан 28-29 қазан күндері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің тапсырмасына сәйкес қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиі бойынша кейбір диакритикалық таңбаларды қолданудың тиімді я тиімсіздігін анықтау мақсатында сынама сабақ өткізілді.


Сынамаға облыстың аудан, қалаларынан мектеп, колледждердегі қазақ тілі мен әдебиеті және бастауыш сынып мұғалімдері, ЖОО-лардағы филолог-мамандар, орталықтар мен тіл басқармаларында қызмет ететін тіл мамандары – барлығы 64 адам қатысты.


Сынама сабақ барысында қатысушылар жетілдірілген әліпби жобасындағы диакритикалық белгілермен келген әріптермен толық танысып, дауысты және дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын жекелеген әріптер бойынша жазылым және оқылым тапсырмаларын орындады. Сынама сабақтың соңында диакритикалық таңбалардың қолданылуына байланысты сұрақтар көрсетілген сауалнамаға жауап берді.