Мемлекеттік тілді оқытуды біріздендіру және әдістемелік көмек көрсету

Мемлекеттік тілді оқытуды біріздендіру және әдістемелік көмек көрсету

Мемлекеттік тілді оқытуды біріздендіру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мамандары өңірімізде мемлекеттік тілді оқытуды біріздендіру, тіл оқыту орталықтары мамандарына көмек көрсету мақсатында Қарағанды қаласындағы «Шырақ» тілдерді оқыту орталығына барды.

Басқарманың тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бойынша бас маманы Ұлжан Бөрібаева мен «Ресурстық тіл орталығы» КММ бөлім меңгерушісі Жұпар Жақан әдістемелік көмек барысында оқыту үдерісіне қажетті құжаттардың талапқа сай толтырылуына және бекітілген біріздендірілген бағдарлама талаптарының сақталуына ерекше назар аударды. Атап айтқанда:

оқытушылар құрамы және оқытушының кәсіби әлеуеті (еңбек өтілі, Қазтест С1 сертификаты, курстар мен семинарлар сертификаттары, ересектерге сабақ беру тәжірибесі);

бекітілген біріздендірілген бағдарлама талаптарының сақталуы;

оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілуі;

тыңдаушылардың бекітілген тізімі;

тыңдаушылардың сабаққа қатысу журналы;

курстар бойынша сабақ үлгілерінің әлеуметтік желілерге орналастырылуы.

Сонымен қатар, басқарма мамандары «Шырақ» тілдерді оқыту орталығында өткен қазақ тілі сабағына қатысып, оқытушыға әдістемелік көмек көрсетті.

#қарағандытілдердідамытубасқармасы #шырақтілдердіоқытуорталығы