Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

2025 жылғы 10 желтоқсан күні Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қорлан Сәбетқызы Бекімова Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, Әдеп кодексінің талаптары мен тәртібі туралы жиын өткізді.

Кездесу барысында облысымыздың Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілердің еңбек және орындаушылық тәртібін, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, іскерлік киім үлгісін ұстану, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеудің маңыздылығын басқарма қызметкерлеріне түсіндірді.

Әр мемлекеттік қызметші – өзінің жауапкершілігі, кәсіби деңгейі және нәтижелі жұмысы арқылы абыройға ие. Алайда кей жағдайда қызметшінің әдептен озуы, оғаш қылық көрсетуі, дөрекілік жасауы немесе заңсыздыққа жол беруі – бір адамның ғана емес, бірнеше қызметшінің беделіне нұқсан келтіріп, мемлекеттік қызметтің абыройына көлеңке түсіретіні сөзсіз.

Бүгінгі кездесуде тәртіптік істер талқыланып, олар үшін қарастырылған жауапкершілік түрлері түсіндірілді