
Тіл заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және құқық қолдану тәжірибесінде олардың бұзылуына жол бермеу мақсатында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мамандары Қарағанды облысы Полиция департаментінің жол-патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторларына арналған түсіндіру жұмысын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі талаптары кеңінен түсіндіріліп, қызметтік құжаттар мен ауызша қарым-қатынаста мемлекеттік тіл нормаларын дұрыс қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.