Тіл саясаты мәселесіне қатысты заңнаманың талап-тәртібін түсіндіру мақсатында бүгін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында өңірдегі тіл саясаты саласының мамандарына арналған семинар-тренинг өтті.

Тіл саясаты мәселесіне қатысты заңнаманың талап-тәртібін түсіндіру мақсатында бүгін  Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында өңірдегі тіл саясаты саласының мамандарына арналған семинар-тренинг өтті.

Семинардың маңыздылығы жайында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А.Қ. Шалабаева атап өткеннен кейін, семинардың арнайы спикерлары құқықтық нормалар туралы баяндады. Қарағанды облысы бойынша Сот департаменті басшысының орынбасары А.Ш.Калпаков пен ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілі С.М.Әкпар заң талаптарына сәйкес іс-қимыл ету тәртібін түсіндірді.

Нақтылай өтсек,«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 729-бабының 2-1-тармағы және 75-бабының талаптарын нақтылады.Семинар-тренингта осы бағытта әкімшілік істерді қарау тәртібі мен әкімшілік жазаларды қолдану мәселелері, сондай-ақ Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі (ЕРАП) деректер қорымен жұмыс істеу тетіктері өңірлік тіл саясаты мамандарына егжей-тегжейлі түсіндірілді.Мамандар өз сауалдарын жолдап, пікір алмасты.

#қарағандытілдердідамытубасқармасы #tilqaragandy