
Бүгін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында 2026 жылы өткізілетін тіл оқыту курстарын ұйымдастыру және жетілдіру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі онлайн форматта өтті.
Жиын барысында келесі негізгі бағыттар қаралды:
өңірде тіл оқыту курстарын біріздендіру мақсатында 72 сағаттық бағдарламаға көшіру және осы үдерісте сөйлесу клубтарының жұмысын күшейту;
тілдік клубтардың қызметін дамыту мен жандандыру тетіктері;
оқыту курстарынан өткен тыңдаушыларға арналған тілдік лагерь ұйымдастыру;
«Сарыарқа-2», «Сарыарқа-3» және Тіл саясаты комитетінің бағдарламаларын негізге ала отырып, оқыту мазмұнын жаңарту;
бірыңғай бағдарлама негізінде әдіскерлер мен оқытушыларға таныстырылым өткізу;
тыңдаушыларды тарту бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
курс нәтижелері бойынша өнім берушілерден есеп алу тәртібі.
Сонымен қатар, облыстағы тіл оқыту орталықтарының әдіс-тәсілдері таныстырылып, озық тәжірибелер ортаға салынды. Кеңес соңында 2026 жылға арналған тіл оқыту жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар айқындалды.
#қарағандытілдердідамытубасқармасы #тілоқытукурсы #til_qaragandy