
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бойынша бас мамандары Ұ.Б. Бөрібаева мен Н.Ж. Абиханова биылғы жылдың екінші жартыжылдығына белгіленген тексеріс жоспарына сәйкес «Ақтас поселкесі әкімінің аппараты»ММ-де «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 25-6-бабына сәйкес мерзімді тексеріс жүргізді.
Тексеріс барысында басқарма мамандары мекемелердің іс қағаздарын жүргізуін, құжат айналымын, ресми және әлеуметтік желідегі парақшаларында орналастырылған көрнекі ақпараттардың заңнама талаптарына сай рәсімделуін зерделеді.
Анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта олардың қайталануына жол бермеу мақсатында Ақтас кенті әкім аппаратының қызметкерлеріне тиісті ұсынымдар берілді.