Бүгінгі 75 жас мерейтойыңыз құтты болсын!
Қатпарлы тарихымыздың тереңіне үңіліп, ұлттық болмыс, руханиятымыз бен тіліміздің мүддесі үшін қайсар мінез, қайраткерлік болмысыңызбен ғылымға өлшеусіз үлес қосып келесіз. Алаш көсемдерінің еңбегін зерттеп, дәріптеп, ұлттық құндылығымызды қастерлеп, ұлтжанды шәкірт тәрбиелеген ұстаздық ұлағатыңыз да әрдайым айрықша.
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан ұйымдастырылған ілкімді шараларға қатысып, «Алаштану», «Рухани жаңғыру», ұлт зиялыларының еңбегін жаңғырту бағытында тіл жанашыры ретіндегі үлесіңіз де ұшан-теңіз!
Құрметті Нұрсахан Ахметқызы, абыройыңыз асқақ, беделіңіз бекем қалпыңызда қарсы алып жатқан жаңа белесіңіз құтты болсын!
Сіздің жасыңыз – даналық пен парасаттың, құрмет пен қадірдің жасы.
Алдағы күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа толсын!Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен береке тілейміз!