Абай шығармалары – рухани қуат көзі

Абай шығармалары – рухани қуат көзі

Бүгін Абайдың 180 жылдығы аясында «Абай шығармалары – адамзаттың рухани қазынасы» тақырыбындағы кезекті ақпараттық сағат онлайн түрде өткізілді. Іс-шараға Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты емханалардың мамандары қатысты.

Іс-шара барысында ұлы ойшыл, хакім Абай Құнанбайұлының шығармашылығына терең талдау жасалып, оның данышпандық қыры мен адамзаттық құндылықтарға шақыратын ой-толғамдары кеңінен сөз болды.

Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі ізгілікке, білім мен еңбекке үндейтін идеялардың бүгінгі заманмен үндестігі ерекше атап өтілді.

Ақпараттық сағаттың соңында мекеме мамандары спикерге мазмұнды баяндама және тағылымды ойлары үшін алғыс білдірді.

Дәріс мазмұны қатысушыларға рухани қуат, ұлттық сана мен адамгершілік құндылықтарды дәріптеу жолында жаңа серпін берді деген ойдамыз.