«Ұлттық диктант» — мемлекеттік тілге деген құрмет.

«Ұлттық диктант» — мемлекеттік тілге деген құрмет.

«Ұлттық диктант»— сауаттылық пен тіл мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды шара. Акцияның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және оны кеңінен насихаттау.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты жиырмадан астам мекеме – мамандандырылған спорт мектептерінің ұжымы диктант жазу іс-шарасына белсенді қатысты.

Диктант жазу арқылы қатысушылар өз білімдерін тексеріп қана қоймай, мемлекеттік тіліміздің байлығы мен көркемдігін сезінді. Мұндай іс-шаралар қоғамда тілге деген сүйіспеншілікті арттырып, әр азаматтың рухани дамуына да ықпал ететіні сөзсіз.