Қарағандыда «Ұлттық диктант» іс-шарасы жалғасуда.

Қарағандыда «Ұлттық диктант» іс-шарасы жалғасуда.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 390 студенті «Ұлттық диктант» шарасына қатысып, қазақ тілінен жазу сауаттылығын көрсетті.

Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылып ұйымдастырылған акцияға университет студенттері белсене қатысты.

Диктант «Отан», «Оқу жайы» тақырыптарында өтті. «Ұлттық диктант» мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың тіл мәдениетін көтеруге, жалпы халықты қазақ тілін үйренуге және құрметтеуге ынталандыруға бағытталған.

Диктант жазған студенттер өздерінің сауаттылық деңгейін және қазақ тілінде еркін жазу қабілеттерін көрсетті.