
Марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өтіп, жеңімпаздар арнайы дипломдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар республикалық байқауды өткізуге белсене атсалысқаны үшін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жақан Жұпар Рысқұлқызына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е. Тілешовтің Алғыс хаты табыс етілді.
Әріптестерімізді құттықтаймыз!
Тіл оқыту орталықтарының оқытушылары арасында ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасын терең меңгеріп, оны қазіргі заман талаптарына сай бейімдей отырып қолдану, сондай-ақ қазақ тілін оқытудағы озық тәжірибелерді кеңінен насихаттау. Байқауға еліміздің барлық өңірінен оқытушылар қатысты.