Білім күні құтты болсын!

Білім күні құтты болсын!

Жаңа оқу жылы – еліміздің дамуына үлес қосатын, жас ұрпақтың санасына білім мен тәрбие сәулесін себетін маңызды кезеңнің бастау алар сәті. Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймын.

Бүгін Қарағанды облысы әкімінің атынан Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияда өткен «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынына қатысып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтадым. Аталған гимназияда 1-сынып бағытында алты сынып жасақталып, 190 бала білім ошағының табалдырығын аттады.

Мемлекет тарапынан білім саласына ерекше қамқорлық көрсетіліп жатқанын атап өткен жөн. Жыл сайын жаңа мектептер мен балабақшалар бой көтеріп, материалдық-техникалық база жаңартылуда. Бүгінде облыста жалпы құны 8,1 млрд теңгеге 33 білім беру нысаны күрделі жөнделді. Сонымен қатар, 7,2 млрд теңгеге 232 білім беру нысанында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мектеп жас ұрпаққа ата-бабамыздың елі мен жеріне деген сүйіспеншілік сезімін дарытып, білім нәрімен сусындататын қасиетті шаңыраққа айналсын!

Сіздерге деген құрметпен,

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева.