Көрнекі ақпаратқа қатысты заң талаптарын түсіндіру мақсатында басқарма басшысы Нұра ауданына барды

Көрнекі ақпаратқа қатысты заң талаптарын түсіндіру мақсатында басқарма басшысы Нұра ауданына барды

Бүгін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева жұмыс сапарымен Нұра ауданына арнайы барды. Сапар барысында тіл саясаты мәселелерін жүзеге асыру шеңберіндегі жұмыстардың орындалу барысы пысықталып, көрнекі ақпаратқа қатысты заң талаптарын түсіндіру мақсатында Нұра ауданының тарихи-өлкетану музейінде дөңгелек үстел отырысы өтті.

Кездесуге аудан кәсіпкерлері, аудан әкімінің орынбасары,аудандық мәслихат депутаты, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің өкілі және Нұра ауданы кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы қатысты.

Кездесудің мақсаты – кәсіпкерлерге көрнекі ақпарат пен деректемелерді орналастыру кезіндегі тілдік нормаларды сақтау талаптарын және осы бағыттағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру.

Атап айтқанда, дүкен маңдайшаларындағы жазулар, тақтайшалардағы хабарламалар, ақпараттық деректер мен сыртқы жарнамалар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабына сәйкес рәсімделіп, ұсынылуы тиіс.

Бұл талаптар орындалмаған жағдайда жауапкершілік көзделген.

Кездесу барысында басқарма басшысы Алма Қабыкенқызы бизнес өкілдеріне көрнекі ақпарат пен жарнамаларды орналастыру талаптарын жан-жақты түсіндірді.

Сондай-ақ кәсіпкерлер өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Нұра ауданы кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, Қарағанды облыстық «Атамекен» палатасы жанындағы ШОБ комитетінің мүшесі И.А. Рыженков өзіне тиесілі сауда орталығына қатысты көрнекі ақпарат мәселелері жөнінде сұрақ қойып, басқарма басшысынан кеңес алды.

#қарағандытілдердідамытубасқармасы