Бүгін облыстық Қазпоштаның қызметкерлеріне ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ақпараттық сағат өткізілді.
«Абай шығармалары – адамзаттың рухани қазынасы» тақырыбы аясында мекеме мамандарына ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы ақпарат және танымдық әңгімелерінен, ұлы ақын айтқан ұлағатты сөздерінен үзінділер берілді. Шығармаларына сілтеме жасай отырып, нақты мысалдар арқылы данышпанның қанатты сөзге айналған өлең жолдары мен қара сөздеріне талдау жасалды. Ақпараттық сағат соңында қатысушылар ақынның «Көзімнің қарасы» әнін шырқап, жылы лебіздерін білдірді.