Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өңірімізге қарасты 7 аудан мен 6 қалада тіл саясатына қатысты мәселелерді зерттеу мақсатында әлеуметтік сауалнама өткізу іс-шарасы басталды.
Бүгін әлеуметтік сауалнама Шет ауданында өткізілді.Сауалнамаға мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерімен қатар көлік және байланыс, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, білім беру салаларының өкілдері, сондай-ақ халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және қаржы саласының мамандары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыз тұрғындар мен студенттер жалпы қарасы 126 адам ат салысты. Тіл саясатына қатысты мәселелерді зерттеуді көздеген сұрақ-жауап барысында аймағымыздағы аудан мен қала тұрғындарын толықтай қамту жоспарда.