Бүгінгі күннің белсенді өкілдері,жаңа дәуірдің жігерлі де жаңашыл иелері – барша жас азаматтарымызды Халықаралық жастар күнімен құттықтаймын!
Жастар – елдің ертеңі, болашағы қоғамның қозғаушы күші. Қай кезеңде болмасын, білімді, асқақ рухты, жігерлі де мінезді жастарға деген сенім зор. Бүгінгі таңда да қазақстандық жастар – озық ойлы, іскер әрі көшбасшы бола білуде.
Келешегіміздің кемел болуы – бүгінгі жастарымыздың қолында. Болашағымыздың басты құндылығы – жастарымыз салауатты, білімді әрі бастамашыл болсын! Еліміз өркендей берсін!
Сіздерге деген құрметпен,
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева.