Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Саран қаласында рейд өткізілді.
⚜️Рейд барысында қаламызда орналасқан дүкендер, дәмханалар, дәріханалар, сұлулық салондары және басқа да кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсетілді.
⚜️ «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасындағы «Жарнама туралы» Заңы, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы түсіндірілді, және қаламыздың кәсіпкерлеріне қолма қол аударма бойынша көмек көрсетілді. Айта кетейік, көрнекі ақпаратқа қатысты кәсіпкерлердің сұрағы туындаса, тіл бөлімінің мамандары бизнес өкілдеріне тегін аудармашы қызметін ұсынамыз.