Ақтоғай ауданында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының талаптарын сақтау мақсатында аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, мейрамхана, дәмхана, асхана және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының иелері мен жауапты тұлғаларына заңнама талаптары таныстырылды.
Түсіндіру барысында ас мәзірін, көрнекі ақпараттарды және тұтынушыларға арналған жарнамалық материалдарды мемлекеттік тілде ресімдеу міндетті екені ескертілді. Кәсіпкерлерге «Тіл туралы» Заңның 21-бабы негізінде нақты талаптар түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
Нәтижесінде бірқатар нысандарда заң талаптарына сәйкес өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік тілдегі ас мәзірлер мен көрнекі ақпараттар әзірлене бастады.