Кез-келген тауардың да, қызметтің де жарнамасыз өтуі мүмкін емес екенін ескерсек, жарнаманың араласпайтын саласы жоқ деуге болады.
“Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру” әлеуметтік жобасын іске асыру аясында құрылған жұмыс тобының мүшесі @zhanbotarahmetulla көлік саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне көрнекі ақпаратты, оның ішінде жарнаманы тіл туралы заңнама аясында рәсімдеу қажет екендігін түсіндіріп өтті.
Айта кететін бір жайт, қаладағы жарнама агенттіктерінің бірде-біреуі қазақ тілінде жарнама жасамайды. Тек аудармамен айналысады, оның өзі көбінесе сауатсыз немесе “калька” аударма.
Жоба аясында құрылған Call-center қызметі бүгінде жеке және заңды тұлғаларға жеке-жеке әдістемелік көмек көрсетіп, көрнекі ақпарат мәтіндерін мемлекеттік тілге САУАТТЫ әрі ТЕГІН аударып отыр.
+7 775 163 00 00