Оқытудың аралық мониторингі жүргізілуде

Оқытудың аралық мониторингі жүргізілуде

   Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысына орай облыс орталығында қазақ және ағылшын тілдерін оқыту жұмыстары 2019 жылдан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) негізінде жүзеге асырылуда.

   2020 жылы облыстық тілдерді оқыту орталығында қазақ тілі курстарына 515 адамды, ағылшын тілі курстарына 315 адамды қамту жоспарланған. Қазіргі уақытта тегін курстармен қамтылған азаматтардың тіл үйрену деңгейін анықтау және білім сапасын тексеру мақсатында ү.ж. 28-29 қыркүйекте оқытудың аралық мониторингі жүргізілді.

   Аралық мониторингпен Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, Ә.Молдағұлова атындағы спорт мектебі,  облыстық сот, Қазыбек би аудандық №2 соты, полиция департаменті, «Алтын сақа» балабақшасы және т.б. мекемелердің қызметкерлері және орталыққа келіп оқитын жеке тұлғалардан құралған құрама топтар қамтылды.