Көрнекі ақпаратты рәсімдеу және тіл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша семинар өтті

Көрнекі ақпаратты рәсімдеу және тіл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша семинар өтті

2025 жылғы 16 шілдеде Шахтинск қаласында «Көрнекі ақпаратты рәсімдеу және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын сақтау» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға кәсіпкерлік субъектілері, кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар мен өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинар барысында сөз сөйлегендер:

Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Сарсенбай Баймендіұлы Жаппаров;

Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева.

Семинарда қатысушыларға жарнама, маңдайша жазулар, көрсеткіштер және өзге де көрнекі ақпарат нысандарын мемлекеттік тілде рәсімдеу талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің практикалық қолданылу мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құзыретті мамандардан толық жауап алды.

Тіл туралы заңнама мен көрнекі ақпаратты рәсімдеу ережелерін сақтау – әрбір кәсіпкердің азаматтық міндеті.