«Тілді дамытуда цифрлық технологияны қолдану және жасанды интеллект мүмкіндіктері»

«Тілді дамытуда цифрлық технологияны қолдану және жасанды интеллект мүмкіндіктері»

Астана қаласында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен екі күндік тәжірибе алмасу семинары өтті. Айтулы шараға Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А.Қ. Шалабаева мен Ресурстық тіл орталығының мамандары қатысты.

Ашық диалог алаңында тіл саласына жауапты мамандарға «Тіл-Қазына» орталығы дайындаған әдістемелік құралдар, терминологиялық өнімдер, ІТ-платформалар және лингвистикалық сервистер туралы ақпарат ұсынылды.

Жасанды интеллект игіліктерін қолдануға баса назар аударылған бұл күндері тіл оқыту мен тілдің қолданыс аясын кеңейтуде ІТ-жобаларды тиімді іске асыру қажеттігі атап өтілді.

Осы ретте баяндама жасаған мамандар:

Жасанды интеллект және цифрлық лингвистика саласындағы соңғы жобалармен таныстырды;

Әдістемелік трендтер мен жаңашыл практикаларды түсіндірді.

Тіл мамандары өзара пікір алмасқан диалог алаңында:

Тіл үйренуге арналған чат-боттарды әзірлеу және іске қосу мәселесі;

Анимациялық фильмдер әзірлеу;

ІТ-жобаларды әзірлеу және қолданысқа енгізу;

Оқыту мәселесіне қатысты ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, әдістеме, цифрлық технология және қолданбалы лингвистика бағыттарындағы бастамалар жан-жақты талқыланды.