Байқауға қатысуға шақырамыз!

Байқауға қатысуға шақырамыз!

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі облыстық деңгейде өзге ұлт өкілдері арасында онлайн форматта “Абай оқулары” байқауын ұйымдастыруда. Байқауға 14-29 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Шілденің 25-не дейін өтінім мен бейнероликтер fariza.yermek@inbox.ru электрондық поштасына қабылданады. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 10 тамыз күні Абай қаласында өтеді.

Жүлде қоры:

Бас жүлде – 200.000 теңге

I орын (біреу) - 150.000 теңге

II орын (екеу) - 100.000 теңге

III орын (үшеу) - 50.000 теңге