Ақпарат айдынында қалам тербеген баршаңызды Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Ақпарат тарату жолында уақытпен санаспай, жаңалық жаршысы әрі билік пен қоғамның ортасында алтын көпір болып жүрген журналистер еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Сіздерге шығармашылық шабыт, толағай табыс, жаңа идеялар мен жарқын жетістіктер тілеймін! Еңбектеріңіз еленіп, ізденістеріңіз жемісін берсін!
Сіздерге деген құрметпен,
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева.